Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да аудандық полицейлер бес адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдесті

СҚО-да аудандық полицейлер бес адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Мамлют ауданының бірнеше тұрғындары үшін полиция мен прокуратураның өтініші бойынша жұмыспен қамту орталығының өкілдері бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Аудан орталығы Мамлютканың бес тұрғыны жұмысқа орналастырылды, жеті адамға арнайы жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттарды жинау кезінде практикалық көмек көрсетілді.

Аталған жұмыс “Борышкер” аудандық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Аудан полицейлері оның мүдделі мемлекеттік органдар және жеке сот орындаушылармен бірлесіп өткізді. Мамлют ауданының ПБ бастығы Пётр Климов ЖПІШ аясында жеке жұмыс істеу тәжірибеленуде екендігін атап өтті. 

– Учаскелік инспекторлар жағдайды жете түсіне отырып, айыппұл төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдарға көмек көрсетуде, – дейді ол. — Барлығы аудан бойынша ЖПІШ екі екі күнінде 27 борышкер ізделді. Табысы бар және айыппұл төлеуден қасақана жалтарған бес адамға қатысты жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды. Қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ЖПІШ өткізудің аталған тәсілі халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу мен құқықтық тәртіпті нығайтудағы жақсы тәжірибеге айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру