Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі 20 сотталғанға азық-түлік берілді

Қызылордада пробация есебіндегі 20 сотталғанға азық-түлік берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырдария аудандық пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен 20 азаматқа қайырымдылық көрсетілді. Оларға “Алғыр-ой” коммерциялық емес жеке қорымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында азық-түлік себеті таратылды.

Сонымен қоса осы азаматтар арасында дойбы, арқан тарту, нарды сынды спорт түрлерінен жарыс өтті. Шараға аудан прокурорының орынбасары Е. Алтынбай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Е. Зұлқарнаев, аудандық пробация қызметінің инспекторы Н. Дүйсенбаев және аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Тартысты өткен додада сотталған азаматтар өз араларынан мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесімен жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар түрлі сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапатталды.

– Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Әлеуметтік көмек көрсетіп, азық-түлік таратса, екінші жағынан спорттық шараға қатысып, жеңімпаз атандым. Дойбыны бала күнімнен ойнаушы едім, соның әсері болды, жеңіс мен жақта болды. Алдағы уақытта спорттық шараларға жиі қатысатын боламын, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру