Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері кірпіш зауытына ұрлыққа түскен экс-қызметкерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері кірпіш зауытына ұрлыққа түскен экс-қызметкерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ға кірпіш шығаратын зауыттың басшысынан хабарлама келіп түскен. Онда белгісіз азамат мекеменің терезесін сындыру арқылы ішке еніп, бір дана бейнеаппаратты, үш дана электр қозғалтқышын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оған қоса құны 15 мың теңге тұратын терезесін сындырып, жалпы 385 мың теңге шығын келтірген. Аталған дерек ҚР 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлерінен құрылған топ оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары айналаны мұқият тексерді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы полицейлер күдіктіні Шымкент қаласы көшелерінің бірінен ұстады. Істің ақ-қарасын анықтау мақсатында оны ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті аталған жайттан екі күн бұрын жұмыстан шығып кеткен мекеменің қызметкері екені белгілі болды. Ол қолды еткен заттардың жартысын темір сататын жерлерге өткізіп, қалғанын өзі пайдалану мақсатында үйінде сақтаған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Егер, сіз, осындай жайттың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру