Түркістан облысында жігіт досының ұялы телефондарын рұқсатсыз сатып жіберді
Түркістан облысының полицейлері досының екі бірдей ұялы телефонын алаяқтық жолмен алып кеткен күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Жігіттің айтуынша, өзінің досы «Samsung» және «Nokia» маркалы ұялы телефондарын уақытша сұрап алып, осы уақытқа дейін қайтармай жүргендігін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Аталған жайтты ашуға криминалдық полиция қызметкерлері мен патрульдік жасақтары бағытталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жігітті ұстады. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай жәбірленушінің досы ұялы телефондарды бере тұруын сұрап, Шымкент қаласындағы базарлардың біріне сатып жіберген. Ал ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Сондай-ақ бағалы мүліктер немесе телефондарын қылмыстық мақсатта иемденуі мүмкін бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Егер, сіз, осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.