Шымкентте қызметкер кәсіпорыннан 400 келі қорғасын ұрлап кетті
Шымкентте қызметкер кәсіпорыннан 400 келі қорғасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қазанда Еңбекші АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда ол өзінің түрлі-түсті металл өндіретін кәсіпорнынан белгісіз тұлға қорғасын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған кәсіпорында жұмыс істейтін ер адам анықталып, 400 келі қорғасынды жасырып қойған жерінен алынып, басқармаға тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.
Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркеліп, тексеру амалдары жүргізілуде.