Ақтөбеліктің көлігінен үш келіден астам марихуана есірткі заты табылды
Ақтөбеліктің көлігінен үш келіден астам марихуана есірткі заты табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлеріне Темір ауданының тұрғыны облыс орталығына есірткі заттарын әкелгені туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ҰҰ арнайы жасағының сарбаздарымен бірге «Қарасора-2021» жедел іс-шарасы барысында 47 жастағы ер адамды ұстады. Полицейлер ұсталған азаматтың автокөлігінен үш келіден астам марихуана есірткі затын тауып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, ер адам каннабиноид әсерінен есірткілік мас күйде болған.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша анықталды.
Осы баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті есірткі заттарын қолдану сіздің денсаулығыңызға елеулі зиян келтіретінін, ал мұндай зиянды заттарды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.