Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер – жекпе-жектен Азия чемпиондары

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қостанай қаласында 29-31 қазан аралығында жауынгерлік өнерден жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорт және жақсы дене шынықтыру –  кәсіби дайындықтың маңызды және ажырамас бөлігі. Өйткені, тәртіп сақшыларының жұмысы көбіне ұйқысыз түндер мен қауырт жұмыс кестесінен тұрады.

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде полицей-спортшылар аз емес, олар әлемдік ареналарда Қазақстанның намысын қорғап жүр.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қостанай қаласында 29-31 қазан аралығында жауынгерлік өнерден жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті.

Чемпиондардың құрметіне Ақтөбе облысы ПД ғимаратында чемпионатта Бас жүлдені жеңіп алған және спорт олардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын екі қызметкермен кездесу өтті.

– Құқық қорғау органдарындағы спорт – басты негіздердің бірі, онсыз қазіргі заманғы полиция қызметкерін елетету мүмкін емес. Бұл әсіресе біздің арнайы күштеріміздің жауынгерлеріне қатысты, олардың көпшілігі әртүрлі спорт түрлерінен дәрежелері мен атақтары бар. Чемпионатта біздің Департаменттің ғана емес, бүкіл елдің намысын қорғаған спортсмендер полиция қатарында лайықты қызмет етеді. Оларға құрмет пен мадақ!”- деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Мұрат Жақыпбеков.

Кәсіби спортпен айналысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгеннен кейін олар полицияға жұмысқа келгенін жеткізді.

Полиция капитаны Мирас Ұлықпанов рухы мықты, екі қыз тәрбиелеп отырған отбасының үлгілі әкесі 65 кг салмақ дәрежесінде Бас жүлдені  иеленді.

Оның көптеген спорттық жетістіктері бар, бірақ ең бастысы – әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы және осы спорт түрінен Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Полицияға ең алдымен, өзінің жоғары спорттық регалиясының арқасында шақырылды.

Полиция аға лейтенанты Айбек Атабаев бала кезінен спортпен шұғылданған. Үш рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Оның спорттық арсеналында көптеген марапаттар мен жеңістер бар.

Олардың өміріндегі спорттың рөлі туралы сұрағанда, жас спортшылар тек спорттың арқасында олар жеке тұлға ретінде қалыптасқанын, саналы түрде полиция мамандығын таңдағанын айтты.

Жігіттер жұмысынан тыс уақытта да спортпен айналысады.

Әңгіме соңында жас полиция қызметкерлері бірінші кезекте өздерінің жаттықтырушы, оларға үлкен спортқа жолдама берген тәлімгерлерін құттықтады. Кішкентайдан үлкенге дейін спортпен және дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру