Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылықтардың ұялы телефондарын ұрлаған қалта ұрысы ұсталды

Қарағандылықтардың ұялы телефондарын ұрлаған қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 3-і күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Бойжеткен оқу орындарының бірінің маңында белгісіз біреудің сөмкеден ұялы телефон ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытқан криминалдық полиция қызметкері қылмыскер 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат – ұялы телефон алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында қалта ұрысының осыған ұқсас тағы үш қылмыс істегенін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру