Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өткізілді

ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында ШҚО Полиция департаментінің плацында саптық бөліністердің кезекті гарнизондық жиыны өтті.

Департамент басшылығы құқықтық тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім-кешегін, қызметтік куәліктерін, төс белгілері мен жеке нөмірлері бар жетондарын тексерді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері облыстың жедел жағдайының жай-күйі туралы хабардар болды, бағдарлармен танысты. Бұдан басқа, ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев жеке құрамға «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық  іс-шарасының қорытындылары мен полицияның сервистік моделінің жұмыс қағидаттары туралы ақпаратты жеткізді. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларына қызметтік көліктердің кілті табыс етілді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері салтанатты маршпен өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға және Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру