Алматы хостелдерінен ұрлық жасаған ұры ұсталды
Алматы хостелдерінен ұрлық жасаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметі бойынша, 1996 жылы туған И.есімді азамат шаһарға бірнеше ай бұрын келген. Ол хостелге тоқтаған, бірақ ол жерде бірнеше күннен артық жатпаған. Осы уақыт ішінде ол қонақтарды мұқият аңдып, бірнеше ұрлық жасап үлгерген.
– Барлық қалта ұрылары сияқты, күдікті де жәбірленушілерге байқатпай қалталары мен сөмкелерінен бағалы заттарды ұрлаған. Ұрлықтың басым бөлігі түнде, яғни тұрғындар ұйықтап жатқанда жасалған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат жасаған бөтеннің мүлкін ұрлаудың бес эпизоды дәлелденді. Олардың одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, оның басқа да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Алмалы аудандық ПБ басшысы Есен Ысқақов.
Белгілі болғандай, 25 жастағы күдікті бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазір ұрыға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.