Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО мекемесінде сотталғандарға теологиялық жұмыстар жүргізілді

Батыс Қазақстан облысының мекемесінде сотталғандарға теологиялық жұмыстар жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні ҚАЖД БҚО бойынша РУ-170/3 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыс жөніндегі бөлімнің инспектор теологтарының ұйымдастыруымен жоспардан тыс «Теологиялық сағат» шарасы болып өтті.

Бұл шараға БҚО дін істері басқармасының «Ақниет» қоғамдық қорының теологы, Медина Ислам университет түлегі, исламтанушы Дмитрий Терновой, Қазан университетінің түлегі дінтанушы Арман Нұрахметұлы және Облыстық орталық мешіт наиб имамы, дінтану ғылымының магистрі  Мейрамбек Абдрахманов қатысқан болатын.

Дінтанушы мамандар экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталғандармен әрқайсысы жеке-жеке кездесіп, дәстүрлі дініміз Ханафи мазхабы жайында дәлелді материалдармен түсіндіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Егемен еліміздің зайырлы мемлекет екенін ашып, заңды талаптарын айтып, ислам дінінің мәдениеті мен әдептілігін сөз қылды. Алланың кәлләмы Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) хадистерімен дәлелдер келтірді. Елдегі эпидемиологияға байланысты көптен көзбе-көз кездесу болмаған себепті шара ұзаққа созылды. Көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауап алған сотталған азаматтар риза болып тарқасып, осындай шара жиі-жиі болса екен деген ниеттерін де айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру