Шымкентте жасөспірімнің телефонын тартып алған бесеу анықталды
Шымкентте жасөспірімнің телефонын тартып алған бесеу анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қарашада Абай АПБ-ның “102” арнасына Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында кешкі сағат 19:30 шамасында кәмелетке толмаған ұлы көшеде кетіп бара жатқан кезде белгісіз тұлғалар ұрып-соғып, құны 60 000 теңге тұратын HUAWEI маркалы ұялы телефонын алып кеткенін айтып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының бес тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.
Тергеп-тексеру барысында анықталған азаматтар қылмыстарын жасағанын айтып, өз кінәларын толығымен мойындады. Айғақты зат ретінде кастет тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.