Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның ұйымдастыруымен мекемелер арасында шахматтан онлайн-турнир өткізілді
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның ұйымдастыруымен мекемелер арасында шахматтан онлайн-турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаршы тақтадағы тартысқа әр мекемеден 2 сотталғаннан, барлығы 6 ойыншы қатысты. Ойынды өткізу үшін әр ойыншыға ғаламторға қосылған құрылғы ұсынылды. Онлайн-турнир Lichess.org сайты арқылы ұйымдастырылды.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған онлайн шахмат турнирін өткізуге Abchess school халықаралық шахмат мектебінің негізін қалаушы Берік Аккозов жәрдемдесіп, ол ZOOM арқылы барлық қатысушыларға ойын шарттарын түсіндіріп, сәттілік тіледі.
Шахмат турнирінде бірінші орынды ЛА-155/13 мекемесінен Егор иеленсе, екінші орынды да осы мекемеден Жанарбек иеленді. Үшінші орынды ЛА-155/18 мекемесінен Мадияр есімді ойыншы жеңіп алды.
Жеңімпаздар Abchess school кәсіби шахмат мектебінің медальдарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Алдағы уақытта қалалық турнирдің жеңімпаздары Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өткізетін республикалық онлайн турнирге қатысатын болады. Бүгінгі таңда республикалық жарыста Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің намысын қорғайтын ойыншылар қызу дайындық үстінде.