Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шаштараздыққа үйретемін»: 26 жастағы алаяқ қыз ақмолалықтарды алдап кетті

26 жастағы алаяқ қыз ақмолалықтарды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығы мен Красный Яр ауылының тұрғындарынан өтініштер келіп түсті. Әйелдер 2 қыркүйекте оларға таныс емес қыз шаштараздыққа оқыту курсын ұсынған.

Жәбірленушілердің айғақтары бойынша, қаскүнем алдап, әрбір өтініш берушіден алдын ала төлем түрінде 30 мың теңге алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Щучинск қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады. ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру