Түркістан облысында жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне мыңға жуық әкімшілік шара көрілді
Түркістан облысында жол жүрісі ережесін бұзған автокөлік жүргізушілеріне мыңға жуық әкімшілік шара көрілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданының полицейлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларын төмендету және Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Мақтаарал ауданы ПБ-ның жеке құрам қызметкерлерімен іс шара барысында жол жүрісі ережесін бұзған автокөлік жүргізушілеріне жалпы ҚР ӘҚБтК-нің әр түрлі баптарымен мыңға жуық әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар ЖҚЕ-ны насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бекеттер қойылып, автокөлік иелеріне 800 дана жадынама таратылды.
Мақтаарал ауданында жалпы көлемі 107 шақырымды құраған апатты учаскелер тексеріліп, 39 дана белгі орнатылды.
Бұдан бөлек, Атқарушылық іс жүргізу органының қызметкерлерімен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу материалдары бойынша екі рет рейдтік іс-шара жүргізілді. Сонымен қатар Ресей Федерациясынан келген сегіз көлік құралы тәркіленіп айыптұраққа қойылды.