Ақмола облысында қызметтік иттің көмегімен ұрлық ашылды
Ақмола облысында қызметтік иттің көмегімен ұрлық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс 12-13 қараша аралығында Бұланды ауданында жасалған. Жәбірленушінің мәлімдемесі бойынша, ұры үйдің ауласынан шөп орамаларын ұрлап кеткен. Бұл факті ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Хабарлама полицияға түскен бойда оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы «Виза» атты қызметтік итпен бірге кинолог келді.
Оқиға болған жерді тексеру кезінде Виза із алып, дереу полиция қызметкерлерін дұрыс жолға салды. Қызметтік ит кинологпен бірге күдіктінің қозғалыс бағытымен өтіп, екі көше арқылы қаскүнемнің үйіне жеткізді. Сол күні күдікті анықталып, ұрланған мүлік заңды иесіне ішінара қайтарылды.
Виза – бельгиялық малинуа тұқымды қызметтік-іздестіру иті 5 жылдан бері Бұланды АПБ қызметкерлеріне қылмыстарды ашуға көмектесіп келеді.
Кинолог Ағбай Жапарбековтың айтуынша, «малинуа» – өте жігерлі және жаттығуға бейім. Командаларды үйрету басқа тұқымдардың иттеріне қарағанда әлдеқайда аз уақытты қажет етеді, ал дұрыс тәрбие мен жаттығумен бельгиялық иттері ең жақсы көрсеткіштер көрсетеді.
Небәрі 10 айдың ішінде малинуа көмегімен 25 ұрлық ашылды.