Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында ер адам үйінде есірткі өсірген

Атырау облысында ер адам үйінде есірткі өсіріп келіпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қараша күні Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді үйінде заңсыз егіп-өсірген Мақат ауданының 39 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған дерек бойынша күдіктінің тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, үйдің ішінде пластикалық ыдысқа «сора» есірткі өсімдігін өсіргені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлімімен ұрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру) деректері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру