Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері отбасылық жанжалқорлар мен агрессорларды тексереді

Алматы полицейлері отбасылық жанжалқорлар мен агрессорларды тексереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық науқаны өтеді.

– Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралармен қалың жұртшылықты таныстыру. Іс-шара аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке алу, сондай-ақ олардың күнделікті өмірде қылмыс жасауына жол бермеу, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ, дағдарыс орталықтары науқанға белсенді түрде қатысуда, онда құқықтық кеңестер мен психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияға келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңыз қажет:

Алматы қалалық ПД: 254-45-99,
Алмалы аудандық ПБ: 254-46-24,
Алатау аудандық ПБ: 227-55-54,
Әуезов аудандық ПБ: 298-53-33,
Бостандық аудандық ПБ: 254-47-32,
Жетісу аудандық ПБ: 254-49-43,
Медеу аудандық ПБ: 254-48-66,
Түрксіб аудандық ПБ: 298-54-25,
Наурызбай аудандық ПБ: 254-49-48.

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

«Родник» ҚҚ – 396-19-38;
«Жан-Сая» КММ – «150» (анонимді, тәулік бойы) немесе 8-777-225-53-26;
«АРАША» КК – 317-57-17.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру