Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Stop-трафик”: Түркістан облысында 10 жеңіл жүрісті қыз профилактикалық есепке алынды

Түркістан облысының полицейлері “Stop-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңгетайлықтың кезекті жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Түркістан облысының аумағында “Stop-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың және жеңгетайлық жайттарын анықтау, жолын кесу, сондай-ақ адам саудасы мен жеке адамға қарсы өзге де қылмыстар бойынша шараларды жандандыру.

“Stop-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері Сарыағаш ауданында жеңгетайлық жайтын анықтады. Яғни Сарыағаш қаласындағы қонақ үйлердің бірінде полицейлер қонақ үй әкімшісін ұстады. Аталған жайт бірден ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, осы қонақ үйден жезөкшелікпен айналысқан жеңіл жүрісті қыз ұсталды.

Сонымен қатар “Stop-трафик” жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыс жасағаны үшін Шымкент сақшыларымен іздестіріліп жатқан қызды ұстады.

Сондай-ақ “Stop-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 10 жеңіл жүрісті қыз профилактикалық есепке алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тиісудің 14 жайтын анықтады, құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға адам саудасы мен жеңгетайлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Егер сізде осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру