Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіт көліктердің бөлшектерін үптеп кетті

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіт тұрғынның гаражындағы көліктердің бөлшектерін үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Ембі қалалық полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын автокөлік доңғалақтары мен дискілердің ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Полиция қызметкерлері кешенді жедел іс-шаралар өткізу барысында 19 жастағы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Күдікті осы жылдың 22 қарашасында түнгі уақытта жәбірленушінің құлыпталмаған сарайына кіріп, екі автокөлік доңғалағы мен екі дискіні жасырын ұрлап кеткенін айтып, кінәсін мойындады. Жалпы шығын 25 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті гаражға сенімді құлыптар орнату арқылы сақтық шараларын қолдануды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру