Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер бұрын жасалған 8 қылмысты ашты
Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер дүйсенбі мен бейсенбі аралығында бұрын жасалған 8 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Ізін суытпай» ашу мүмкін болмаған әр бұрын жасалған қылмыс СҚО ПД басшылығының бақылауында. Криминалдық полиция бөліністері күдікті адамдарды анықтау бойынша жұмыс нәтижелері туралы күн сайын есеп береді.
Мысалға, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында облыстың жедел уәкілдері бұрын жасалған сегіз қылмысты ашты. Оның бәрі мүліктік қылмыстар. Олардың арасында екі мал ұрлығы фактісі, соның ішінде біреуі «өткен жылдар» санатындағы Қызылжар ауданында жасалған жылқы ұрлығы.
Сонымен қатар, биыл тамыз айында Мағжан Жұмабаев ауданында орын алған төрт қой ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды.
– Апта ішінде ашылған бұрын жасалған қылмыстардың қатарында екі пәтер ұрлығы бар. Біреуінде пәтерден 150 мың теңгенің зергерлік бұйымдары, ал екінші жағдайда екі миллион теңгеге жуық төрт ноутбук жоғалған. Жедел уәкілдердің табандылығы арқасында бірнеше күннің ішінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Пәтер ұрлығын ашуға ерекше көңіл бөлінгенін атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда аталған қылмыс түрін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға азайтуға қол жеткізілді. Бұл тек криминалдық полиция бөліністерінің жұмыс тиімділігінің көрсеткіші ғана емес, осы қылмыс түрінің жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған профилактикалық жұмыстың нәтижесі болып табылады, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.