Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

А.Емельяненконың ерлігі ешқашан ұмытылмайды

Алматы облысының полицейлері қаза тапқан қызметкердің жұбайына барып, көңіл-күйін сұрап қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның есімі Алматы облысы Полиция департаментінің ауласында орнатылған қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған гранит ескерткіште жазылған. Ескерткіш қасынан өткен әрбір адам батырларға өзінің құрметін әрқашан білдіреді.

“Олардың бірі – Александр Емельяненко. Ол 1977 жылы кезекшілікте болып, әріптестеріне шабуыл жасаған пистолетпен қаруланған қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан. Өзінің жолдастарын құтқаруға және атысты тоқтатуға тырысқан полиция қызметкері еш қорқынышсыз қылмыскерге қарсы тұрған, алайда ол шабуыл нәтижесінде оққа ұшты. Александр Емельяненконың ерлігі ешқашан ұмытылмайды”, – дейді Алматы облысы ПД Кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары Руслан Боранбаев.

Жас старшинаның артында жұбайы Лидия Емельяненко мен оның екі баласы қалды. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерінің отбасына барып, Лидия Степановнаға қызыл раушан гүл шоғы мен азық-түлік себетін табыс етті. Көңілі босаған Лидия Степановна, полицейлерге ұмытпай көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру