Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов "Жас Ұлан" мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов "Жас Ұлан" мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Жастар - кез келген қоғамның қозғаушы күші. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі патриот, білімді, бәсекеге қабілетті, дені сау, жастардың болашағына үлкен сеніммен қараймы, - деді іс-шараны аша отырып, Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

"Жас Ұлан" ер балаларға арналған бейінді мектеп-лицейінің оқушылары үшін полиция департаменті экскурсия дайындады, онда оқушыларға жедел басқару орталығын, тергеушілердің қызметтік кабинеттерін көрсетіп, қылмыстық істерді тергеудің жүргізілуімен және тәртібімен таныстырды, сондай-ақ оқушылар смартфоннан бейнеқоңырау арқылы полициямен қалай байланысуға болатынын білді.

Экскурсияның соңғы аялдамасы "Динамо" ФСО болды, онда балалар қару-жарақты қолдана отырып орындалған, ЖҚАЖ жауынгерлерінің көрсетілімдерін тамашалап, таңдай қақты. Спорт залы, оқу сыныбы, спорттық трофейлері бар стенд - Жас Ұландықтар жылдам қимылдайтын арнайы жасағының офицерлері оқитын, жаттығатын және кезекшілік ететін базаны өз көздерімен көрді.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеті - ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қылмыстарды жан-жақты, толық, объективті және жедел тергеу.

Лицейді бітіргеннен кейін сіздер біздің ведомстволық жоғары оқу орындарында оқуларыңызды жалғастыра аласыздар. Е.Закимов болашақ әріптестеріне емтихандарын сәтті тапсыруды, өзара сыйластық пен көмек қолын созуды, жанашыр болуларын, әр адам үшін ең бастысы өз өмірі мен отбасы екенін есте сақтауларын тіледі.

Кездесу соңында оқушылардың толық-қанды жетілгендерін, олардың өз Отанының мүдделерін қорғауға дайын екендіктерін атап өтті. Елдос Закимов оқуда ерекше көзге түскен Ұланшылдарды сыйлықтармен марапаттады.

Лицей педагогтары полиция бастығының орынбасарына өскелең ұрпаққа ұмытылмас экскурсия жасағаны үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру