Абай облысында 20 қарбыз ұрлаған жеткіншектер ұсталды
Түркістан облысында 20 қарбыз ұрлаған кәмелетке толмаған жеткіншектер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкпекті ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның бақшасынан белгісіз адамдар 20 қарбыз ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын 30 мың теңгені құрады. Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған. Мәселе шығында емес, еңбекте деп ашынды қарбыз иесі.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған). Олар өздерінің кінәларын мойындады. Тентектер қарбыздарды жеп қойған.
Қазіргі кезде 14 жасқа толған 5 жасөспірімге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық жасөспірімдерді ювеналды полиция бақылауға алды, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, олардың мақсаты – заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.