Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодардағы сауда үйлеріне тұлғаны тану функциясы бар бейнекамералар орнатылды

Павлодардағы сауда үйлеріне тұлғаны тану функциясы бар бейнекамералар орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Павлодар қаласының кейбір сауда үйлерінде қауіпсіздіктің озық техникалық құралдары енгізілді. Сонымен, Атриум сауда үйінде, SMАLL және GRENWICH сауда нүктелерінің желісінде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында бетті тану функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылды.

– Осы сауда ұйымдарымен өзара іс-қимыл барысында қылмыстың алдын алуда тұлғаны танудың аталған жүйелерін неғұрлым тиімді пайдалану туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл жүйелер, сонымен қатар полиция органдары іздеуде жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды, алиментті қасақана төлемейтіндерді, іздеуде жүрген адамдарды және басқа да күдікті адамдарды тануға мүмкіндік береді,- деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Айта кету керек, қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында Павлодар облысы ПД “Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы мен облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдерімен тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бірлескен шаралар қабылдау мақсатында бизнес саласының өкілдерімен, ірі сауда үйлерінің, дүкендер мен ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік қызметтері мен күзет құрылымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Қоғамдық орындарда полицейлер мүліктік қылмыс жасауға бейім адамдардың фотосуреттері бар тізімдерді тұрақты негізде орналастырады. Қоғамдық орындарда және адамдар көп жиналатын орындарда, қалалық қоғамдық көліктерде дыбыспен хабарландыру дауыстары ойнатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру