Абай облысында есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді
Абай облысында есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2022» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде есірткі саудасымен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін қабылдап жатыр.
Қыркүйек айының басында Семей қаласында облыстың төрт тұрғыны белсене қатысқан Қазақстан мегаполистерінен синтетикалық есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді. Алдын ала мәліметтер бойынша полиция қызметкерлері Семей қаласында есірткі қойып кеткен студенттерді ұстап, тінту барысында олардан 13 грамнан астам өлшеп оралған және өткізуге дайын тыйым салынған заттар алынған.