Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адам есірткілік мас күйде көлік басқарған

Ақтөбе облысында ер адам есірткілік мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz

12 қыркүйекте Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері  «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында Ақтөбе – Астрахань автожолында жылдамдықты асырған 30 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes көлігін тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші өзінің ағасының жүргізуші куәлігін берген, полиция қызметкерінің қырағылығы мен мұқияттылығы алдауды ашты. Сонымен қатар, жүргізушінің жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды. Әңгіме барысында ер адам өзін күдікті ұстады және полиция қызметкерлеріне қалтасында есірткі заттарын сақтағанын мойындады.

Сараптама  жүргізушінің қанында есірткінің бар екенін көрсетті. Әкімшілік сот жүргізушіні 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру