Абай облысында ішімдік пен ойын картасын түрме аумағына лақтырмақ болған азамат ұсталды
Абай облысында ішімдік пен ойын картасын түрме аумағына лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінің сыртқы аумағын бақылау кезінде мекеме қызметкерлері түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азаматты ұстады. Жеке тексеру барысында екі бөтелке спирттік иісі бар сұйықтық пен дәнекерлеу құрылғысына оралған ойын картасы тәркіленді.
– Мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды. Заттар тәркіленіп, спирттік иісі бар сұйықтық сараптамаға жіберілді. Мекеме аумағына сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды кіргізуді болдырмау және бұндай жағдайлардың алдын алу жұмыстары жалғасатын болады, – деп жауап берді жедел бөлімінің бастығы