Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші есірткілік мас күйде ұсталды

Абай облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші есірткілік мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында Аягөз қаласының көшелерінің бірінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полиция қызметкерлері ВАЗ -2150 маркалы автокөлікті тоқтатты.

ҚР ІІМ арнайы базалары бойынша тексеру барысында, 44 жастағы жүргізуші 2022 жылдың көктемінде Аягөз аудандық сотының шешіміен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сөйлесу барысында жүргізушінің өзін ұстауы тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Ер адамды көлік құралын басқарудан шеттетіп полицейлер оны медициналық куәландыруға жеткізген. Куәландыру нәтижесі 44 жастағы жүргізушінің «орташа» дәрежелі есірткілік масаңдықты көрсетті.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыс аумағында масаң күйінде көлік жүргізуге отырған жүргізушілер аз емес. Жыл басынан бері облыс полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін мас күйде басқарудың 189 фактісінің жолын кесті. Барлық жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, ең бастысы – олардың салдары өте қайғылы екенін есте сақтау қажет. Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді. Жол қозғалысының әрбір қатысушысы өзінің және басқалардың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін естен шығармауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру