Абай облысында түрме аумағына алкоголь лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Абай облысында түрме аумағына алкоголь лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме қызметкерлері аумақты сыртқы периметрді бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады.
Павлодарлық азаматты жеке тексеру барысында 9 пластикалық бөтелкеде (барлығы 4,5 литр) спирттік иісі бар сұйықтық тәркіленді. Әңгіме барысында Павлодар қаласы тұрғынының сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.
– Сотталғандардың қамқор туыстары мен достары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Қазіргі кезде тәркіленген сұйықтық сараптамалық тексеруге жіберілді. Енді Павлодар қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп атап өтті тәртіп бөлімінің қызметкерлері.