Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында былтыр жанұя жанжалы бойынша 4127 хабарлама тіркелді

Қызылорда облысында былтыр жанұя жанжалы бойынша 4127 хабарлама тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Қызылорда облысының “102” арнасына жанұя жанжалы бойынша 4127 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 671 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 2302 азамат “қорғау нұсқамасы санатымен” есепке алынды. Сонымен қатар қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттың қаулысымен 521 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленді.

Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді. Өткен жылы орталықтарда 195 әйелге көмек көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру