Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері босанған әйелге қан тапсырды

Жетісу облысының полицейлері босанған әйелге қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратал аудандық полициясының тергеу бөлімшесінің қызметкерлері донор болды. Олар Талдықорғанның перинаталдық орталығында емделіп жатқан жас босанған әйелге қан тапсырып, көмектесті.

Шұғыл хирургиялық операция қажет болған 22 жастағы облыс орталығының тұрғынына донорлық қан керек болғандығы анықталды.

– Полиция қызметкерлері донор ретінде жиі қан тапсырып тұрады. Біздің балалар мықты, дендері сау. Олар мұндай акцияларды жіберіп алмауға тырысады. Жас әйел операциядан кейін тез қалпына келеді деп сенемін, – деп атап өтті Қаратал аудандық полиция бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру