Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының колониясында өткен ашық есік күнінде 90 жастағы ана 62 жастағы қызымен көрісті

Абай облысындағы әйелдер колониясында өткен ашық есік күнінде 90 жастағы ана ұзақ уақыт көрмеген 62 жастағы қызымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ораза айт мерекесінің бірінші күні Абай облысындағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті. Жақындарымен кездесуге сотталғандардың жүз туысы келді. Ашық есік күні мекемеде тоқсанына бір рет өткізіледі, бұл күнді сотталғандар және олардың туыстары асыға күтеді. Олар қашықтыққа, жастарына, денсаулықтарына қарамастан колонияға сотталған туыстарын көруге келеді.

90 жастағы ана өзінің 62 жастағы қызын көруге Павлодардан келді.

– Бір бірімізді көпке дейін көрмедік, сот процессі жүріп, қызым тергеу изоляторында жатқанда, балалар мені ренжітпес үшін, денсаулығыма алаңдап маған ештеңе айтпай, оның ұзақ іссапарға кеткенін айтты. Мен бәрін қызым осында болғанда ғана білдім. Ашық есік күнін күтіп, балаларым, немере-шөберелеріммен бірге қызымды көруге келдім. Оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізуім керек еді. Оның осындағы өмір сүру жағдайын көріп, мекеме әкімшілігімен сөйлескенде, олар өте мейірімді екенін байқадым. Олар маған бәрін көрсетіп, түсіндірді, жүрегім тынышталды, – дейді сотталғанның анасы.

Мекеме бастығынын орынбасары Анара Сабиеваның айтуынша, сотталған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы боынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Ол мекемеге биылғы жылдың наурыз айында келген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру