Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғынынан ірі мөлшерде синтетика тәркіленді

Абай облысының тұрғынынан ірі мөлшерде синтетика тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора» ЖПІШ және «Рефлекс» ЖПІШ аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Оның пәтері мен гаражын жеке тінту кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар, барлығы 18 ZIP пакеті табылып, тәркіленді.

– Сараптама қорытындысына сәйкес, шұғыл жеке тінту кезінде алынған зат –жалпы салмағы шамамен 5 грамм болатын a-PvP есірткі заты. Тіпті қарапайым есептеулер бойынша бұл шамамен 18 бір реттік дозаны құрайды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлайды Абай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Тілек Қамза.

Жыл басынан бері облыста 47 есірткі қылмысы тіркелген. Заңсыз айналымнан 230 кг астам түрлі есірткі және психотроптық заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру