Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 қазанда сағат 19:45-те Қобда – Жиренқопа автожолының 324-шақырымында ВАЗ-2110 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, Қобда ауданының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Vesta автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және Lada Vesta автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру