Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ауыл тұрғынын соққыға жыққан ер адам ұсталды

Ақмола облысында ауыл тұрғынын соққыға жыққан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда Целиноград АПБ-на Астана қаласының нейрохирургия бөлімшесіне Ақмол ауылының 36 жастағы тұрғыны “бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы” диагнозымен ауруханаға жатқызылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған елорданың 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, алкогольдік ішімдіктерді ішуді тоқтатып, жақындарын ренжітуді қойғызу үшін жәбірленушіге “тәрбиелік” мақсатта дене жарақатын салған.

Полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру