Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер кезекші тәулікте үш ұрлықты ашты 

Қызылордада полицейлер кезекші тәулікте үш ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кезекші тәулікте полицейлер 3 ұрлық дерегін ашты. Қалаға қарасты ауылда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құны 500 мың теңге тұратын жерді жыртуға арналған құралын ұрлаған күдіктілер анықталып, ұсталды. Ұсталғандар 39 және 41 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.

Сондай-ақ сол күні полицейлер 18 жастағы күдіктіні жеке үйлердің бірінен ноутбук ұрлағаны үшін ұстады. Ал кешкі уақытта Қызылорда облысы ПД ЖБО бейнебақылау камерасы көмегімен көпқабатты үй подъезінен құны 100 мың теңге тұратын велосипед ұрлаған күдікті анықталды. Қаскүнем ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.     

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру