Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғынынан марихуана тәркіленді

Абай облысының полицейлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде үйінде есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тінту кезінде 48 жастағы ер адамның үйінен өсімдік тектес, ерекше иісі бар полиэтилен пакет табылды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген.

Полиция тәркіленген затты сараптамаға жіберді, оның нәтижелері бойынша оның марихуана есірткі заты екендігі анықталды, салмағы шамамен 40 грамм.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру