Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Абайсызда алаяқ атандым”: сотталған өкінішін айтты

Қызылорда облысында сотталған қалай алаяқ атанғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өз кәсібін дөңгелетіп отырған Бектас ойламаған жерден алаяқ атанды. Мал сойып сатумен айналысып жүрген жігіт бірнеше бас малының ауру екенін білмеген. СЭС мамандары базарға әкелінген мал етінінен бурцелез белгісін анықтады.

– Бар кілтипан осы жерден басталды. Бұған дейін қарызға алған сиырларым бар болатын. Сөйтіп, адамдарға қарызым алты млн теңгеге жетті. Алаяқтық бабы бойынша пробациялық тіркеуге алындым. Артынша көп ұзамай алты жылға сотталдым. Қарыз болғаным рас. Кінәмді толық мойындаймын. Бұл мен үшін үлкен сынақ болды. Мұндағы өмір әр іс-әрекетің үшін “жеті рет өлшеп, бір рет кесудің” маңызды екенін ұқтырды. Қылмыс әлемінде абайсызда қиындыққа шырмалған жақсы адамдардың бар екенін көріп отырмын. Айналасына зұлымдық ойламаса жүре алмайтын ұрда-жықтармен дәмдес боламын деп ойладым ба? Енді қалған бес ай мерзімімді жақсы аяқтап, бостандыққа шықсам екен. Қазіргі басты тілегім осы, – деді Бектас.

Ақтөбе облысының тумасы жаза мерзімін өтеу үшін Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 мекемесіне қамауға алынған болатын. Кейіннен Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіне ауыстырылды.

– Бектас кейбір сотталғандар сияқты депрессияға түскен жоқ. Ол әр қиындықтың артында жақсылықтың бар екеніне сенеді. Оның үстіне үйдегі жары мен екі баласы өзіне деген сенімін арттырып отырды. Таксафонмен әр сөйлескен сайын ерекше жақсы көретіндерін үнемі айтып отырады. Тәртібі, қызметкерлермен қарым-қатынасы жақсы, – деді ЗК-169/5 мекемесінің психолог маманы Айдос Жүсіпбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру