Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоғамдық орында мас күйде жүрген әйел айыппұл арқалады

Павлодар облысында қоғамдық орында мас күйде жүрген әйел айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында Ертіс ауылы Гагарин көшесінде орналасқан түнгі дүкеннің жанында учаскелік полиция инспекторлары жүрісі күдікті әйелді байқайды.

Құжаттарды тексеру барысында 39 жастағы әйелдің мас күйінде екені анықталды, бұл медициналық куәландырумен расталды. Кейін әйелдің бір жыл бойы қайта осы күйде ұсталғаны анықталды.

– 39 жастағы әйелге қатысты полиция ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотта қаралып, сот қаулысымен әйел адам 21 441 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушысы Серік Үсенов.

Полицейлер жыл басынан бері Павлодар облысында алкогольдік ішімдіктерді ішкені және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 2 327 азамат, оның ішінде 86 азамат Ертіс ауданында әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру