Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Семейге барды

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Семейге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірде ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Сапар барысында Елдос Даулетқазыұлы қаладағы білім ордасы шәкірттерінің қауіп-қатерсіз жүріс-тұрыстары үшін бүгінгі таңдағы ҚР ІІМ “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында ресми түрде қолданысқа енгізілген халыққа ыңғайлы жаңа сервис – “102” мобильді қосымшасын таныстыру мақсатында қаладағы Әлихан Бөкейханов атындағы №39 және №11 орта мектептерінде болды.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фессенко қатысты. Оларға департамент бастығының бірінші орынбасары мектеп табалдырығында аталған қосымшаны орнатудың тиімділігі – оқиғалар туралы қысқа хабарламалар мен фото, видеолар жіберу мүмкіндігі және оқиға орнынан тікелей бейнеқоңырау шалуға болатындығы, бұл ЖБО операторына не болып жатқанын көруге және дереу тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретіндігі туралы айтып берді.

Мектеп басшылығы келген қонақтарға білім ордасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнебақылау жүйесі, арнайы турникеттер және басқа да қолға алынған қауіпсіздік құрылғыларымен таныстырды. Сонымен қатар, олар №11 мектептің жол қозғалысының жас инспекторлары отряды мен жас сарбаздар сыныбы дайындаған арнайы көріністі тамашалап, Семей қалалық ПБ басшылығы өз тарапынан шәкірттерге жол қауіпсіздігіне қатысты баннерлерді тарту етті.

Кездесуден соң ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Закимов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында полиция қызметкерлерінің алдына қойылған негізгі міндеттерді, қолжетімді полиция қағидатын, құқық қорғаушылар мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасты нығайту бағытында қолға алынған полиция қызметінің сервистік жүйесін түсіндіру мақсатында Семей қалалық ПБ мәжіліс залында ЖПҚБ, ӘПБ, КҚқБ жеке құрамымен, сондай-ақ аумақтық ПБ бастықтарымен, ЖПҚБ бастықтарымен жұмыс кездесуін өткізді.

Күннің екінші жартысында Е. Закимов Затон полиция бөліміне қарасты “Вокзал” учаскелік полиция пуктін аралап, уақытша ұстау изоляторының жұмысымен танысты. Семей қалалық ПБ горнизонының саптық бөлінісіне қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру