Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әділет капитаны ҚАЖ Департаменті бастығының грамотасымен марапатталды

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін Қылмыстық атқару жүйесі саласында 10 жылға таяу қызмет етіп келе жатқан білікті де білімді маманның бірі сотталғандар арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Тәуекел Байқадам Балтабайұлы. Әділет капитаны Тәуекел Байқадам Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарып келеді.

Тағдырдың қатаң сынына ұшырап, жазатайым немесе қасақана жағдайда ауыр қылмыс жасап, жазаларын өтеп жүрген азаматтардың өмірге деген көзқарасын өзгертуге, түзу жолға түсуіне ықпал етуде сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің атқаратын қызметі ерекше. Сотталғандардың тәртібі мен өмір салты сеніп тапсырылған жасақ бастықтары тәрбиелік, профилактикалық бағытта дәрістер оқып, сұхбаттар жүргізеді. Сонымен қатар, оларды мәдени- көпшілік және спорттық шараларға тарту, белсенді қатыстырудың маңызы зор. Сонда олардың өздеріне деген сенімдері нығайып, бостандыққа деген құлшыныстары арта түседі. Тәуекел Байқадам өз қарамағындағы жазасын өтеушілердің арыз- шағымдарын уақыт тауып тыңдап, қолдан келгенше заң аясында жауап беріп, олардың тазалығын, уақытылы тамақтануын, жатақхана тазалығын, денсаулығына байланысты және арнайы уақыт қойып құқықтық сабақтар өткізуге тырысады. «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі»,-деген халқымыздың қанатты сөз бекер айтылмаған. Байқадамның әкесі Ақмұрзаев Балтабай Тәуекелұлы ҚАЖ саласында ұзақ жыл қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан әділет полковнигі. «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» демекші әкесіне қарап бой түзеген Байқадам мектеп табалдырығында оқып жүргеннен- ақ құқық қорғау саласында қызмет етемін деген арман оны алға жетелеп, қазіргі уақытта өз қызметінің нағыз майталманы.

Жуырда нағыз жігітке тән мінезі, қайтпас қайсарлығы, жауапкершілігі арқасында Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/12 мекемесінің режим жұмысын нығайтуға әдістемелік және практикалық көмек көрсеткені үшін Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының «Грамотасымен» марапатталды. Қызметін жетік меңгерген өзіне жүктелген міндеттерін абыройлы орындап жүрген білікті, білімді азамат, отбасында ардақты әке.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру