Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратушылар анықталды

Қапшағай полициясы коронавирус ауруына байланысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша күдіктілерге қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қаңтарда Ватсап мессенджері арқылы белгісіз тұлғалар Қапшағайдың ауруханасына коронавирусқа күдікті екі адам туралы хабарлама таратқан. Тексеру кезінде ақпарат расталмады,осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалған ақпарат таратушыларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар ұйымдастырды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қапшағай қалалық полиция бөліміне жеткізілген екі күдікті анықталып, ұсталды. Екеуі де жергілікті ауруханада “жедел жәрдем” жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ересек ер адамды жалған ақпарат таратуға итермелегені тергеу барысында анықталды”,-деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 1-бөлігі(«Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша көзделген жауапкершілікке тартылады.

“Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданған күдіктілерге қатысты “келу туралы міндеттемеҚапшағай тергеушілеріне тапсырылды”, — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру