Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өртеніп жатқан үйге өрт сөндірушілер жаяу жетті

Өз уақытында белсенділік таныта білген өрт сөндірушілер оқиға орнына жаяу жетуге мәжбүр болды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қаңтар 14 сағат 37 минутта Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауылындағы өрт сөндіру қызметіне өрт сөндіру бөлімінен 35 шақырымдағы Қарабас ауылында үй өртеніп жатыр деген ақпарат келіп түсті. Жауынгерлік есеп дереу шақыру орнына шықты. Алайда қардың жолды басып тастау салдарынан өрт сөндіру машинасы жанып жатқан үйге жете алмады.

Әр сәт қымбат еді, сондықтан да еш кідірместен жігіттер от шарпыған үйге жаяу кетті. Жолсызбен 2,5 шақырымды артқа тастап ауылға жеткен кезде отқа оранған үйді көрді. Үй ағаштан салынған екен және толығымен дерлік жанып кеткен. Жанындағы шаруашылық құрылыстарын құтқару қажет еді.

Өрт сөндірушілер оларға қар лақтырып және бір уақытта өртеніп жатқан үйдің ағаш конструкцияларын бұза бастады.Өрт сөндіру көлігі өрт орнына жергерлікті кәсіпкердің техникасымен жолды тазалағаннан кейін 2 сағаттан соң ғана жете алды және өртті кешкі сағат 8-ге таман ауыздықтады. Мерт болғандар мен жарақаттанғандар жоқ.

«18 жыл қызмет ету кезінде осындай оқиға алғаш рет. Өрт орнына жаяу қалың қарда жетіп және өртті қармен өшіргеніміз өмір бойына есте қалатын шығар. Үй толығымен ағаштан салынған, лакпен өңделіпті, сондықтан да болар сіріңке үйіндей жанып кеткен» – дейді бөлімше командирі Игорь Кизь.

Мамандар өрттің шығу себебі – жылыту пешін пайдалану және салу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаманаған деген болжамды қарастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру