Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ағайындылар билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін қамауға алынды

Жетісай ауданында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, күш қолданған ағайынды екі азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданының ПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері Мұстафа Тұрлыбаев пен Ертау Саурамбаев патрульдеу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Полиция қызметкерлері өздерін таныстырып, құжаттарын сұрау барысында көлік жүргізушісі билік өкілдеріне қарсы шығып, құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Осы сәтте күдікті жүргізушінің інісі өз велосипедімен полиция қызметкеріне артынан соғып, екінші тәртіп сақшысының жағасына жармасқан. Осылайша ағайындылар тәртіп сақшыларына күш көрсетіп, түрлі дене жарақаттарын салған.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркеді. Орын алған оқиға бойынша күдікті азаматтар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының ПД қызметтік міндетін атқару барысында билік өкілдеріне күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру