Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 28,7%-ға төмендеді

2020 жылы Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 28,7%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 12 айында Жамбыл облысы Полиция департаментінің ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшелері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы қылмыстардың алдын алуға, қолайсыз отбасылармен, қиын балалармен және девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

Түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 9232 бала жеткізілді, оның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдаланған – 85, бұзақылық жасаған – 77, оқудан жалтарған, қаңғыбастықпен айналысқан және қайыр сұраған – 311 (оның ішінде 299-ы КБО-ға орналастырылды), түнгі уақытта қадағалаусыз жүрген – 4720 жасөспірім болды.

Профилактикалық есепке 521 жасөспірім қойылды. Есепте 588 кәмелетке толмаған жасөспірім тұратын 343 қолайсыз отбасы тұр. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін 21 жасөспірім девиантты мінез-құлықты және ерекше режимде ұстайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке орналастырылды. 63 ата-ана немесе оларды алмастыратын тұлға ата-аналық құқықтарынан айырылды.

Өткен жылы 3092 рейдтік іс-шара өткізілді. 56 жағдайда кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді пайдалануының жолы кесілді. Бейімдеу орталығына барлығы 325 жасөспірім орналастырылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында нөлдік төзімділік бойынша 5 072 ата-ана мен өзге де ересек адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алдын алу жұмыстары жақсы нәтиже береді деп сеніммен айтуға болады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 28,7%-ға төмендеді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың саны 36,8% – ға қысқарды. Оның ішінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында қылмыс саны азайды.
Облыс аудандарында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол берілген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру