Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны ажалдан құтқарған полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар облысының тұрғыны өзін құтқарған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 1802 жаяу патруль құрамындағы полиция қызметкерлері Сейлжан Шахантайға және Данияр Қартпаевқа 2021 жылғы 8 қаңтарда менің өмірімді құтқарғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Сол күні  сағат 18.00 шамасында мен итпен серуеннен кейін үйіме қайттым. Мен подъезіме жақындаған кезде, кенеттен бір адам айқайлап маған қарай жүгірді. Мен бұрылған кезде оның қолында ұзын пышақ бар екенін көрдім. Ол осы пышақпен маған ұмтылды. Сол сәтте полиция қызметкерлері Сейілжан Шахантай мен Данияр Қартпаев та жүгірді. Олар маған шабуыл жасаған адамды залалсыздандырды, қолдарына кісен салды. Содан кейін учаскеде учаскелік полиция қызметкерінің айтуынша, шабуылдаушы ер адамның мақсаты мені өлтіріп, ақша алу екенін білдім. Сондай-ақ, ол шабуылдаушының пышағы осы мақсат үшін қатты қайралғанын айтты. “Сіз екінші туған күніңізді атап өтуіңіз керек”, – деді сол кезде учаскелік полиция қызметкері. Ал мен екінші туған күнімді сол күні өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткен Сейлжан мен Даниярдың арқасында тойлайтын боламын. Мен сол күні оларға алғыс білдірдім, олар маған бұл олардың жұмысы екенін айтты. Мен олардың жұмысы қиын және қауіпті екенін және сонымен бірге олар өздерінің қызметтік міндеттерін адал орындайтынын қосар едім. Құрметті Сейілжан Шахантай және Данияр Қартпаев мені құтқарғандарыңыз үшін тағы да рахмет! Сіздердің кәсіби шеберліктерініңіз бен адами қасиеттеріңіз, батылдықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңыз үшін рахмет. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тілеймін! – деп жазды ол.

– Азаматтардың алғысы – біз үшін ең жақсы марапат, – дейді полицейлердің өздері.

Жігіттер өздерін батырмыз деп санамайды, олар азаматтарды қорғау әр полиция қызметкерінің басты міндеті деп біледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру