Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 жасар баланы алдап, телефонын иемденген алаяқ құрықталды

Түркістандық полицейлер 5 жасар баланы алдап, қолындағы ұялы телефонын жымқырған алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығы туралы арызданған. Оның есік алдында отырған 5 жасар немересіне белгісіз біреу 1000 теңге ақша беріп алдап, қолындағы “Galaxy S10” ұялы телефонын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Бұл факт бойынша тәртіп сақшылар жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде небары төрт сағат ішінде күдікті азамат ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Айғақ зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, іс сотқа жолданды. Тергеу барысында құрықталған күдіктінің Қызылорда облысында төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ оның іздеуде екені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру