Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері заңсыз әрекеттердің жолын кесті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полицейлері букмекерлік кеңсенің заңсыз жұмыс істеп тұру дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 қаңтарында сағат 23.30-да Мұнайлы ауданының ПБ қызметкерлері букмекерлік кеңсенің заңсыз қызмет ету фактісін анықтады.

Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында орналасқан “Inbet” букмекерлік кеңсесінен полицейлер алты процессор, алты монитор мен кассалық аппаратты тәркіледі.

Жиналған материалдар Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев азаматтарды кәсіпкерлік қызметті заңды түрде жүзеге асыруға және ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру