Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада сатушының телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында күдікті сатушының бейқамдығын пайдаланып, ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында күдіктінің қонақ үйде бөлмені жалға алғаны анықталды. Ол кешкілік уақытта қонақ үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкеніне келген кезде “Айво” маркалы ұялы телефонның қараусыз жатқанын көріп ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде бұрын сотталған 38 жастағы күдікті қонақ үйдің нөмірінде ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті істеген іс-әрекетін мойындады. Заттай айғақ алынып, телефон иесіне қайтарылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру